«1 шілде 10 899 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 1 шілде аралығында қалада вакцинаның толық дозасын 302 257 адам алды. Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер - 81 202 «,- деп хабарлады басқармадан.
Қалада 208 пункт жұмыс істеп тұр. 1 256 адамнан тұратын 307 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.
«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.