«30 тамыз күні 5882 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 2 050, II компонентін 3 832 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 31 тамызы аралығында қалада 867 286 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 724 837 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 110 236 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.
Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.
Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылған.
«Қазір медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.