Алматыда бір тәулікте 24 адам коронавирус жұқтырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулікте 24 адам коронавирус жұқтырды. Оның 19-да симАлматыда бір тәулікте 24 адам коронавирус жұқтырдыптом бар, 5-де ауру белгілері жоқ. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

29 адам жазылып шықса, 11 адам ауруханаға жаңадан түсті.

845 төсек-орындық инфекциялық стационарларда 111 адам жатыр, оның ішінде 6 бала бар.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 16 адам жатыр.

5 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 1, High flow-да 3 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 181 науқас бар. Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр жағдайда – 166 науқас, симптомсыз 15 науқас бар.