«16 қараша күні 4016 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 2 202, II компонентін – 1814 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 16 қараша аралығында қалада 1 012 837 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 964 717 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 121 676 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.
Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы бар.
«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.