Алматыда бір тәулікте 5,2 мың адам вакцина алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 5 213 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«4 қазан күні 5 213 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін - 1 969 , II компонентін - 3 244 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 04 қазан аралығында қалада 958 865 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 881 284 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 118 526 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 149 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.