Алматыда бір тәулікте 5,5 мың адам вакцина алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 5 508 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

« 5 қазан күні 5 508 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 2004 , II компонентін 3 504 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 05 қазан аралығында қалада 960 857 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 884 962 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 118 694 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 149 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.