«11 қазан күні 4907 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 1899 , II компонентін 3008 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 11 қазан аралығында қалада 969 376 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 899 300 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 119 333 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.
Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар. «Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.