«7 қазан күні 5088 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 1 736 , II компонентін 3 352 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 7 қазан аралығында қалада 964 499 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 891 202 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 118 993 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.
Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.
«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.