«16 тамыз күні 5 396 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің II компонентін салдырғандар саны - 5 273. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 16 тамызы аралығында қалада барлығы 817 196 адам вакцина алды. Вакцина салғандардың ішінде 108 398 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.
Қалада 160 екпе пункті жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 екпе бригадасы бар.
Сонымен қатар, 40 көшпелі бригада ұйымдастырылған.
«Қазір медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.