«15 қыркүйек күні 6481 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 3033, II компонентін 3 448 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 15 қыркүйек аралығында қалада 919 489 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 817 427 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 115 920 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.
Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.
«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.