«30 қыркүйек күні 6 671 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 2 427, II компонентін 4 244 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 30 қыркүйек аралығында қалада 950 399 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 866 572 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 118 064 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.
Қалада 149 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 214 егу бригадасы бар.
«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.