«17 тамыз күні 5396 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентін 6 027 адам салдырды, II компонентін салдырғандар саны - 5273. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 17 тамызы аралығында қалада барлығы 823 223 адам вакцина алды. Вакцина салдырғандардың ішінде 108 775 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.
Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.
Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылған.
«Қазір медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункттері жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.