«Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы жылдың 23 ақпаны аралығында қалада 1 136 355 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 092 158 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 124 842 адамның жасы 60-тан асқан»,- делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасын 53 576 адам салдырды. Оның ішінде 2 943 жүкті әйел, 11 763 бала емізетін ана және 38 870 жасөспірім бар. 238 131 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.
«Бүгінгі таңда қалада медицина мекемелерінде 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 520 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.