Алматыда бір тәулікте үш мыңнан астам адам КВИ-ға қарсы вакцина салдырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулік ішінде 3 298 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Оның ішінде 1-компонентін 1 335 адам, 2-компонетін 1 963 адам салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы жылдың 17 ақпаны аралығында қалада 1 130 119 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 083 956 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 124 493 адамның жасы 60-тан асқан»,- делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасын 51 027 адам салдырды. Оның ішінде 2 785 жүкті әйел, 11 175 бала емізетін ана және 37 069 жасөспірім бар. 220 842 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.

«Бүгінгі таңда қалада медицина мекемелерінде 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 520 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.