Әлеуметтік желіде бір топ жігіттің Алматыдағы техникалық қызмет көрсету станцияларының біріне кіріп, станция шеберін соққыға жыққан сәтінің видеосы тарады.
Аталған оқиға бойынша қалалық полиция департаменті мәлімдеде жасады.
«Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін және Жетісу аудандық полиция басқармасы тергейтінін хабарлайды. Аталған қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды», - делінеді қалалық полиция департаментінің хабарламасында.
Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Дархан Мұсанов күдіктілердің жеке басы анықталғанын айтты. «Оларды ұстау-уақыт мәселесі. Кінәлілерді ұстауға және оларды жауапкершілікке тартуға бағытталған жедел және арнайы іс - шаралар кешені жүргізілуде», - деді ол.
Айта кетейік, аталған қылмыстық істі тергеу барысын Жетісу аудандық прокуратурасы да бақылауға алды.