Алматыда бір жарым айда 30 мыңнан астам тұрғын ЖРВИ жұқтырды
Спикердің айтуынша, Алматыда ЖРВИ-дің 30 415 және тұмаудың 3 жағдайы тіркелген.
«Егер эпидемияға дейін аурудың 65,2% балалар популяциясына байланысты болса (3876 жағдай), бүгінгі күні ересектер арасында артып отыр»,- деді ол.
Дәрігер тұмаудың алдын алуда ең тиімді әдіс – уақтылы вакцинация екенін айтты.
«Жыл сайын тұмауға қарсы вакцинаны эпидемияға дейін (қазан-қараша) алу қажет. Себебі, тұмау вирусы мутацияға және өзгеруге қабілетті. Вакцинациядан кейін иммунитет 14 күннен кейін қалыптасады және маусым бойы сақталады (1 жылға дейін). Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысы негізінде жергілікті бюджет есебінен, яғни тегін түрде тек тәуекел тобындағы адамдар ғана тұмауға қарсы екпе алады. Тәуекел тобындағы адамдар арасында тұмауға қарсы вакцинация биыл 6 қыркүйекте басталды»,- деді Бақжанар Мұхамадиева.
Оның айтуынша, тәуекел тобына медицина қызметкерлері; медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар; балалар үйінде тәрбиеленетін балалар, қарттар үйіндегі контингенті; сондай-ақ, эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша 60 жастан асқан қарт адамдар, жүктіліктің 2 және 3 триместріндегі жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар адамдар, мектеп-интернаттарында тәрбиеленетін балалар осы топқа жатады.