Жаппай көлік апаты Жансүгіров көшесіне жетпей Сейфуллин даңғылында болды.
Зардап шеккендердің айтуынша, бағдаршамның қосымша белгісінің «жасыл» түсін күтіп Toyota RAV-4, Mitsubishi Galant және Nissan Maxima көліктері тұрған. Соңғы машинаға жүйіткіп келіп, қызыл Ford Fiesta соғылған. Дойбы принципімен қалған көліктер бір-біріне соғылған.
Қызыл Ford Fiesta-ның жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетпек болған. Бірақ апатқа куә болғандар оны тоқтатып, полиция шақырған. Олардың сөзінше, ер адам өз іс-әрекетіне жауап бере алмайтын күйде болған.
Жедел жәрдем бригадасы RAV-4 жүргізушісі - әйел адамды ауруханаға жеткізді.