Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жас жігіттің жоғалып кеткені туралы арыз Медеу аудандық полиция басқармасына бір күн бұрын түскен.
«Арнайы іздеу тобы құрылды. Бүгін Бостандық ауданының аумағында криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері жас жігіттің денесін тапты. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қайтыс болу себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, Ақназар Қажымұрат 2018 жылы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебін тәмамдап, Гарвард университетіне оқуға түскен. Ол ACT және SAT Subject Tests халықаралық емтихандарында 36-дан 36, 2400-ден 2400 ұпай жинап, бірегей рекорд орнатқан.
Сонымен қатар, ең танымал математика және физика олимпиадаларының жеңімпазы атанған.