деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оны Корея Республикасының Қазақстандағы Елшілігі, осы елдің Халықаралық ынтымақтастық ақпараттық технологиялар агенттігі және Қазақстанның ақпараттық технологиялар компаниялары қауымдастығы бірігіп ұйымдастырып отыр. Мақсат - корей мамандарының телерадио коммуникациялары мен байланысты дамыту саласындағы тәжірибелерін қазақстандық әріптестерімен бөлісуіне мүмкіндік жасау. Оған қатысатын Кореяның 40 адамдық ресми делегациясы Қазақстанға шілденің 12-сінде келеді деп жоспарланып отыр. Олар форум кезінде қазақстандық әріптестерімен екіжақты кездесулер мен дөңгелек үстел мәжілістерін өткізбек. Мұндай алқалы басқосулар форум біткеннен кейін, шілденің 14-і күні Астанада жалғасады.