Алматыда бірқатар көшелер жабылады
13:12, 25 Маусым 2018
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көшелер жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Асқаров көшесінің бойында Арычныйдан Абай көшесіне дейін асфальт бетон жабындысы төселеді. Осыған байланысты 25 маусым мен 1 шілде аралығында осы аумақта көлік қозғалысы шектеледі. Сондай-ақ, 28 маусым мен 1 шілдеге аралығында Жарокова көшесінің бойы Байқадамовтан Ходжанов көшесіне дейін жабылады», - делінген қала әкімдігі таратқан хабарламада.