Бұл туралы бүгін «Алматы Су Холдингі» мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметінен хабарлады.
«Бүгін, 12 қазанда Гагарин даңғылы бойында орналасқан нөмірі № 294/1, 294/2, 294/3 тұрғын үйлер таңғы сағат 09:00-ден, Медеу ауданындағы Южная, Глубокая, Широкая, Базарбаев, Шухов, Ульяновская, Ахмедсафин және Украинская көшелерінде орналасқан тұтынушылар таңғы 10 сағат 40 минуттан және Думан ықшамауданындағы Болашақ, Хан Тәңірі, Алтын Емел, Тәуелсіздікке 10 жыл, Ақжайық, Ақмешіт, Бурабай, Арыс, Қызылқұрт, Аңырақай, Алатау және Қарғалы көшелері бойында тұратын тұтынушылар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанша уақытша суық сусыз қалады», - делінген хабарламада.