Алматы Халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұманға байланысты үш халықаралық рейс уақытында Алматыға қона алмаған.
«Тұманға байланысты үш халықаралық рейс Алматы әуежайына қона алмады. Атап айтқанда, У-Тапао-Паттайя мен Дубайдан шыққан ұшақтар Шымкентке қонды. Таңертең тұман сейілгенде Дубай 9-40-та, У-Тапао 9-45-те қонды. Минскіден шыққан ұшақ Бішкекте күтіп, 8-45-те қонды. Қазір барлық рейстер қалпына келтірілді», - деді баспасөз қызметіндегілер.
Сонымен қатар, Алматы халықаралық әуежайында 5-6 ақпандағы бір тәулік ішінде техникалық және өзге де себептерге байланысты 20 ұшақ уақытынан кешігіп ұшты. Кешіктіріліп ұшырылған рейстердің тізімі Әуежайдың Фейсбуктегі парақшасында жазылды.