Ведомствоның мәліметінше, 18 сәуір күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Бостандық ауданының аумағында, яғни, Кекілбаев – Витебская – Гагарин – Левитан көшелерінде, сондай-ақ «Бағанашыл -2», «Қазақфильм», «Нұр Алатау» шағын аудандарында орналасқан тұрғын үйлер мен нысандар суық судан ажыратылады.
«Суық судан ажырату себебі - жаңа су құбырының магистральдық желілеріне қосылу үшін жасалып отыр. Судан ажырату кезінде денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік саланың өзге де нысандарына су автоцистерналармен жеткізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деп хабарлады «Алматы Су» МКК баспасөз қызметі.