АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Алмалы ауданы тұрғындарының бір бөлігі жылусыз қалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Профилактикалық жұмыстарға байланысты Алмалы ауданында жылу беру уақытша тоқтатылады.
«Жылу желілерін тексеру барысында құбырдан ақау шықты. Апаттың алдын алу үшін профилактикалық жұмыстар жүргізіледі» делінген «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарламасында.
Төле би, Гайдар, Розыбакиев, Райымбек көшелерінің бойындағы бірқатар ғимараттар мен үйлерге 13 қараша сағат 12:00 – 20:00 аралығында жылу берілмейді.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.