Бұл туралы аудан әкімі Санжар Тоғайдың есептік кездесуінде айтылды. Жиында «Таужолы» шағын ауданының тұрғыны судың жетпейтігін көтерді.
«Маңызды мәселелердің бірі - сумен жабдықтау және бұру. Наурызбай ауданындағы «Таужолы» шағынауданында негізінен жер үйлер орналасқан. Жеке сектордың барлығы саяжай санатына жатады. Яғни, тұрғын үй мәртебесі жоқ. Соңғы 20-30 жыл ішінде Қарасай ауданында көптеген құрылыс жүрді.Ондағы жер учаскелері шағын болғандықтан, ондағы құбырларда жіңішке дм 15 мм ғана. Оың 80% тозған. Сумен жабдықтау көлемі жеткіліксіз. Мұндай мәселе «Таужолында» да бар. Ескі су қабылдағыштан келетін құбыр Наурызбай ауданын ғана емес, Қарасай ауданының да бір бөлігін Қырғауылды, Жаңатұрмыс ауылдарын да сумен қамтасасыз етеді. Сондықтан су жетіспейді «, - деп түсіндірді аудан әкімі Санжар Тоғай.
Сонымен қатар, ол бүгінде қала әкімінің тапсырмасымен сумен қамтамасыз ету мәселелері шешіліп жатқанын атап өтті.
«Біз алты ықшамауданда, оның ішінде Таужолында сумен жабдықтау және су бұру желілерін салып жатырмыз. Менің ойымша, мәселе жақын арада шешіледі. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жобалау мерзімі 2-2,5 жыл. Мұндағы құрылыс өткен жылдың көктемінде басталды. Біз оны биыл аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Осыдан кейін әрбір тұтынушымен келісімшарт жасалады», - деп жауап берді аудан әкімі.
«Қарағайлы» шағынауданының тұрғыны да әкімге осындай сауал жолдады.
«Үш шағын ауданда сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысын бастадық, оның ішінде «Қарағайлы» шағын ауданы да бар. Сәуір айында осы мәселе бойынша тендерге қатысты жұмыстар басталмақ. Өздеріңіз білетіндей, осы ықшамаудандағы су талапқа сай келмейді. Оның үстіне қыста құбыр қатып қалады. Келесі жылы су кәсіпорнының құрылысы аяқталса, сүзгі орнатамыз. Біз екі жыл ауданды таза ауыз сумен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.
Қазір су жетіспейді. Былтыр жазда суды көлікпен тасыттық. Біз бұл проблеманы. Қала әкімі бұл мәселені жеке бақылауында ұстайды. Әр апта сайын мердігерлермен, тұрғындармен кездесіп тұрады. Екі жыл ішінде біз 10 шағын ауданды сумен қамтамасыз етеміз, деп жоспарлап отырмыз «, - деп жауап берді Санжар Тоғай.