Алматыда бірнеше көлік қатарынан соқтығысты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Саина мен Жандосов көшелерінің маңында 5 көлік соқтығысты. Болған оқиғаның мән-жайын ешкім анықтап бере алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Жол-көлік оқиғсының куәгерлерінің айтуынша, Саина даңғылының бойымен оңтүстікке қарай Mercedes-Benz көлігі жылжып бара жатқан. Ол Жандосов көшесінің бойынан оң жаққа қарай бұрыла бастаған сәтте Хюндай маркілі көлігімен соқтығысып, соңғысы Toyota Prado маркілі көлігін қағып өткен.



Осы жол-көлік оқиғасынан тағы екі көлік соқтығысты - Mercedes-Benz Mitsubishi Delica мен Toyota RAV4 көлігін соқты. Осылайша барлығы 5 көлік апатқа түсті.



Абырой болған жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда жол апатына түскен көлік жүргізушілерінің бірде-біреуі оқиғаның мән-жайын түсіндіріп бере алмады. Қазір оқиға орнында Алматы қаласының тәртіп сақшылары жұмыс істеп жатыр.