Honda Accord автокөлігінің жүргізушісі Момышұлы мен Саин көшесінің арасында Абай даңғылының бойында жылдамдықты асырып, Mitsubishi Galant машинасына соғылған. Honda қатты соққыдан қарсы бетке шығып кетіп, тағы үш автомобильді: Volkswagen Golf III, Mazda 323 мен Hyundai Accent-ті соққан. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетипек болып, тағы бір машинаны - Mitsubishi Space Wagon-ды сырып кеткен.
Басқа көліктің иелері жол апатына кінәліні ұстап алуға әрекеттенгенімен ол оқиға орнынан сытылып кетті. Қазір ол көлікке іздестіру жарияланды. Жол-көлік оқиғасынан Hyundai Accent-те отырған 15 жастағы қыз бала зардап шекті. Оны жедел жәрдем алып кетті.
Ол жол апатына қатысты басқа да тұстарды Алматы қалалық жол полициясы мен анықтаушылар нақтылайды.