«Алматыда Саин, Солтүстік айналма, Рысқұлов және Абай көшелерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Биыл бұл мақсаттарға Ұлттық қордан сегіз миллиард теңге бөлінді. Саин көшесіне – 2,7 млрд теңге, Рысқұлов – 2 млрд теңге, Абай – 2 млрд теңге, Солтүстік айалма жол – 1,3 млрд теңге», - деді Серік Самұратов брифинг барысында.
Бұған дейін Алматы әкімдігі екі көшенің Үлкен Алматы айналма жолына дейін ұзартылатыны туралы айтқан болатын.
Н.Тілендиев көшесін тоғыз шақырымға, ал солтүстік жарты айналма жолды 1,2 шақырымға ұзарту көзделген.
Жалпы 2030 жылға дейін Алматыда 38 көше ұзаратылады.
Сарапшылар жаңа көшелерді екі кезеңде салуды ұсынып отыр. Көшелердің бір бөлігі - 2025 жылға дейін, ал екіншісі - 2030 жылға дейін.