Ол бұған дейін есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және кісі тонағаны үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Темір тордың тәртібінен ешқандай нәтиже шығармаған Равиль түрмеден шыға сала өзінің ескі соқпағына қайта түскен. Әдетінше, асхана пышағымен қаруланып, тек қана нәзік жандыларды тонаумен айналысқан.
«Ол жақында өзінің кезекті құрбанын тонап жатқан жерінде құрықталды. Қылмыскер өз ісін Алматының «Мамыр», «Ақсай», «Жетісу» сияқты халық көп тұрақтанған аудандарында жүзеге асырып келді. Қазіргі таңда оның он екі рет қарулы қарақшылық шабуыл жасағандығы анықталып отыр. Тергеу амалдары әлі де жалғасуда және оның бұдан өзге де қылмыстық істерге қатысы бар-жоғы тексерілуде»,-деді Алмалы аудандық ІІБ-ның бастығы, полиция полковнигі Талғат Сейілханов.