«Ақкент», «Жас Қанат», «КЭЧ» және «СВК» қазандықтарында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты Алатау мен Түрксіб ауданында орналасқан бірқатар ғимаратқа ыстық су беру тоқтатылды.
Атап айтқанда, Жас Қанат және Жұлдыз-1 шағынаудандарында - 10-24 маусым аралығында, Мөңке би - Б. Момышұлы - Райымбек - Ф. Оңғарсынова шаршысында - 13-27 маусым аралығында; Б.Хмельницкий - Дөнентаев - Сүйінбай - Поддубный шаршысында 13 маусым-4 шілде аралығында су болмайды.
«Қазандық жабдықтары күзгі-қысқы жылыту маусымында жылу жоғалту көрсеткіші мен апаттық көрсеткішті азайту үшін жөнделетін болады», - деп мәлім етті «Алматы жылу желілері» ЖШС.