«Бұл карта мектепке кіру мен шығуды, мектеп асханаларында тамақтану және қоғамдық көліктерде жолақысын (мобильді қосымша арқылы) есепке алуға мүмкіндігін бермек», - деп атап өтті білім басқармасы.
Қаладағы мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының оқушыларын түгелдей бірыңғай картамен қамту жоспарда. Бүгінгі күні Алматыда 200-ден астам мектеп бар.
«Бұл жоба 2019 жылы сынақтан өтті, оны эпидемиологиялық ахуал жақсарып, мектеп асханалары ашылған кезде іске қосу жоспарланып отыр», - деп хабарлады басқармадағылар.
Айта кетейік, пилоттық жоба 2019 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың ақпанына дейін №92 мамандандырылған лицейінде сәтті жүзеге асырылды.