Алматы әкімдігі жаңғыртудың бұл кезеңі үйлердің жайлылық деңгейін жаңартуға және тұрғындар үшін жалпы инфрақұрылымды жақсартуға бағытталғанын атап өтті.
«70 көпқабатты үй жергілікті бюджет аясында жөнделеді. Атап айтар болсақ, Алатау ауданы – 3 үй, Алмалы ауданы – 7, Әуезов – 30, Бостандық – 15, Жетісу – 3, Медеу – 7, Түрксіб ауданы бойынша 5 үй қарастырылған. Қалған 30 үйдің жөндеу жұмыстары қайтарылған қаражат есебінен жүзеге асырылады. Қазіргі кезде «Алматы тұрғын үй» ЖШС осы аталған жобаларды табысты іске асыру үшін техникалық құжаттаманы дайындаумен және хаттамаларды жинаумен айналысып жатыр»,- деп хабарлады қалалық әкімдіктен.
Айта кетейік, «Алматы тұрғын үй» ЖШС 2011 жылдан бастап қаланың тұрғын үй қорын жөндеу және жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша операторы.
Ол өзінің қызметін «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырып, ТКШ жаңғыртуға ерекше назар аударады.
2011-2022 жылдар аралығында компания Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу бойынша 965 жобаны іске асырды.