Алматыда биыл 28 мың ағаш отырғызылды

АЛМАТЫ. 19 маусым. ҚазАқпарат - Алматыда биыл 28 мың  түп   сәндік ағаш,  8 мың терек, жөке, қайың отырғызу жоспарланған болатын.

Көктемде оның 16 мыңы саябақтар мен скверлерде, жол бойына отырғызылды. Ағаш отырғызу науқаны енді күз маусымында қайта жалғасатын болады.

Қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметіне қарағанда, шаһарда ағаш отырғызылатын алаң көлемі соңғы жылдары жыл сайын ұлғайып келеді. Мәселен, 2010 жылы  24 мың түп ағаш отырғызылса,  2011 жылы - 27 мың, ал биыл ол 28 мыңға жетпек. Алматыда жалпы  бүгінгі күнге дейін  1 млн. 300 мың ағаш бой көтерген. Оның 39 мыңы - бұрынғы ескі  ағаштардың орнына отырғызылғандар. Соңғы екі жыл ішінде  22 мың апатты ескі ағаштар кесілді. Енді осындай жағдайдағы тағы 18 мың ағаш  2012-2013 жылдары  жойылатын болады. Оның   9 мыңға жуығы биыл кесілмек. Бүгінгі күнге дейін олардың 5086-сы  жойылды.