«1-сыныпқа қабылдау 1 тамызда аяқталды. Бүгінгі таңда 30 146 бала қабылданды, оның ішінде жекеменшік мектептерге баратын – 3 789 бала. Орта білім беру ұйымдарында пәндік кабинеттердің 75,6% жаңартылды. Мектептерде барлығы 847 пәндік кабинет (химия, физика, биология, оның ішінде 640 кабинет заманауи жабдықтармен (жаңа модификациямен) жарақтандырылды, сонымен қатар 75 STEM және робототехника кабинеттері сатып алынды», - деді Ләззат Жылқыбаева.
Сондай-ақ, ол жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында тағы 147 кабинет, оның ішінде: 34 химия, 31 физика, 39 биология, 23 STEAM және 20 робототехника сатып алынғанын, бұл жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша оқытуды тәжірибеге бағдарлауға мүмкіндік бергенін тілге тиек етті.
«Биыл Қайрат шағын ауданында 1500 орындық №211 мемлекеттік мектеп ашылады. 12 мемлекеттік мектепте күрделі, 178 мектепте ағымдағы жөндеу жүргізілді»,- деді басқарма басшысы.