Оның айтуынша, қалада «Алматы-2025» дамыту бағдарламасы және басқа да стратегиялық жоспарлар аясында пандемияға қарамастан барлық бағытта тоқтаусыз жұмыс жалғасып келеді. Балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру мақсатында қалада білім беру нысандарын салудың арнайы бағдарламасы қабылданып, бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр.
«Қала халқының жыл сайынғы өсуімен ең кішкентай қала тұрғындарының саны - мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар саны да өсуде. Бүгінгі таңда қалада білім беру нысандарының белсенді құрылысы жүріп жатыр, олардың қарқынын өткен жылдармен салыстыруға келмейді. Осы жылы Наурызбай ауданында «Ақжар» және «Таусамалы» шағын аудандарында жалпы 240 орындық 2 балабақша құрылысы аяқталады. Бұрын бұл жерде балабақша болмаған. Бостандық ауданында бос алаңдардың тапшылығы байқалады, сол себепті 120 орындық жаңа балабақша мектеп аумағында ашылады»,-дейді ол.
Мектепке дейінгі орындардың тапшылығын төмендету бойынша жұмысқа шағын бизнес белсенді тартылуда. Биылғы жылдың өзінде 5 мың орындық 65 жекеменшік балабақша ашу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, ЖСҚ әзірленуде және 2,3 мыңнан астам орынға арналған 10 балабақшаның құрылысы үшін орындар анықталуда.
Ата-аналар үшін мектепке дейінгі білім берудегі тағы бір маңызды мәселе-төлем. Үкімет жеке балабақшалардағы қосымша қызметтер үшін төлемді бюджет есебінен ішінара өтеу жөніндегі бастаманы қолдады, бұл оларды қолжетімді етеді.
Баламалы шешім ретінде балалары кезекте тұрған отбасылар - аз қамтылған отбасылар, көп балалы отбасылар, жас отбасылар, мүгедек ата-аналар, жалғыз басты аналар үшін ваучерлік тетік түрінде өлшемдерді айқындау мәселесі қарастырылып жатыр.
Қазірдің өзінде дайындық жұмыстары жүргізілуде және бұл тетік алғаш рет Алматыда іске асырылатын болады, бұл 5 мың баланы мектепке дейінгі білім берумен қосымша қамтуға мүмкіндік береді.
«Алматыда жаңа шағын аудандар, соның ішінде Түрксіб ауданындағы «Жас Қанат» белсенді дамуда. Мұнда 600-ден астам бала баратын екі балабақша жұмыс істейді. Алайда, бұл шағын аудан құрылысы жалғасуда, сондықтан жаңа шағын аудан аумағында 280 орындық тағы бір балабақша салу туралы шешім қабылданды», - деді Қайрат Жұманов.
Сондай-ақ босаған ғимараттар базасында балабақшаларды ашу бойынша жұмыс жүргізілуде. Осы Жылы Әуезов ауданында бұрын жалға берілген 315 орындық балабақша іске қосылады. Қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда.
«Бостандық ауданының Орбита шағын ауданында бұрынғы балалар үйінің ғимаратында екі мемлекеттік балабақша ашуды жоспарлап отырмыз, олардың әрқайсысы 320 орынға есептелген. Сонымен қатар, әуежай ауданында жобалық қуаты 320 орындық тағы бір балабақша салынады. Жетісу ауданындағы Ратушный көшесінде 280 орындық мемлекеттік балабақша салынады», - деді спикер.