Шара барысында қала әкімдігінің өкілдері жылу-энергетика саласына қаржы жұмсау алдағы жылы да жалғасын табатындығын жеткізді. Өйткені, қаланы дамытуда бұл саланың маңызы өте зор.
Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік және жергілікті бюджет, сондай-ақ инвесторлар арқылы бүкіл жылу энергетикалық кешенді жоспарлы түрде жаңғырту саясаты жүргізіліп жатыр.
Айта кетелік, инженерлік желілерді қайта қалпына келтіру - «Алматы қаласын дамыту-2020» бағдарламасының басымды бағыттарының бірі. Осы бағдарламаға сәйкес, жылу желілерінің тозу деңгейі 2020 жылға дейін 67 пайыздан 54 пайызға дейін төмендетілуі тиіс.