«Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қалада 4 бағытта пәтер беру жалғастырылады. Соның ішінде, 900 пәтер коммуналдық баспана бойынша, 480 пәтер жас отбасыларға, 660 пәтер «Тұрғын үй Құрылыс Жинақтаушы Банкі» жүйесімен, 700 баспана биыл көктемде жалға алу тәртібімен беріледі», - деді Қайрат Нұрқаділов.
Пәтерлерді кейін сатып алу құқығымен жалға беру Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған болатын.
Оның айтуынша, пайдалануға берілетін пәтерлердің құны өзгермейді.
«1 бөлмелі пәтерді жалға алу құны коммуналдық қызметті қоспағанда 35 мың теңге, 2 бөлмелі пәтерді алу - 55 мың теңге, 3 бөлмелі пәтерді алу 70 мың теңге тұрады. Алғашқы 700 пәтер наурызда сатыла бастайды», - деді Қайрат Нұрқаділов.