Естеріңізге сала кетсек оқиға таңертеңгі төртте болды. Қылмыскерлер терезеден кіріп, күзетшілерді соғып, байлап кеткен болатын.
"Полицияға телефон қоңырауы күзетші байламнан босап шыққан кейін келіп түсті. Осы уақыт аралығында қылмыскерлер ізін жасырып үлгерген. Олар бухгалтердің кабинетіне еніп, сейфті бұзып, 2 миллион теңге мен 500 дипломның таза бланкін алып кеткен болатын. Екі аптадан соң ІІД тыңшылары топтың басшысын ұстады. Бірнеше уақыттан соң тағы екі қылмыскерді ұстадық. Одан кейін сол уақыттан бері іздеуде болған 24 жастағы Жасұлан есімді жігітті ұстадық",- деді криминалды полиция Басқарамасының қарақшылық пен тонау қылмыстарын ашу бөлімінің бастығы Азамат Палманов.
Оның айтуынша, олар тағы да осы сынды қылмыстар жасаған. " Олар сонымен қатар заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларды да тонап, соққыға жыққан. Қазір олардың үш қылмысты іске қатысы бары анықталды. Ұсталғандардың барлығы бұған дейін істі болмаған, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары болып шықты. Соңғы кезде жеңіл жолмен ақша табушылар жерлес болып топтасуда. Бұл тізімде Шығыс Қазақстан облысымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары алдыңғы қатарда тұр. Одан кейін Жамбыл және Алматы облысы",- деді А.Палманов.