«2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының құрылыс жұмыстары былтыр толық аяқталды. Оған құжат тапсырғандар өте көп болды. Сол себепті біз өзіміздің қалалық бағдарламамызды әзірледік. Ағымдағы жылы 2400-дей үй салынады. Бюджет қаржысына салынатын үйлер биыл 2011 жылғы көрсеткіштен 2 есе көп болады», - деді А. Есімов. Қала басшысының айтуынша, енді 2 қабатты ескі қамыс үйлер бұзылады. Бұл үшін алдымен эконом сыныптағы 4-5 қабатты үйлер саламыз. Оған 2 қабатты ескі қамыс үйлердің тұрғындарын көшіреміз. Ол жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Қалалық бюджетке шығын келмейді. Өйткені оның орнына салынатын үйлердегі 1-2 бөлмелі пәтерлер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы мұқтаж адамдарға беріледі.
18:57, 25 Маусым 2012
Алматыда биыл жаңадан 2400-дей үй салынады- қала әкімі
АЛМАТЫ. 25 маусым. ҚазАқпарат - Алматыда шілде айынан бастап 2 қабатты ескі қамыс үйлерді бұзу жұмыстары басталады. Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін құттықтаған кезде айтты.