Алматыда биыл «Жас Отанның» ұйымдастыруымен 264 қоғамдық-саяси іс-шара өткізілді - Жансая Жақсықұлова
«Қазақстан халқының үштен бірін 29 жасқа дейінгі жастар құрайды. Олардың 190 мыңы «Жас Отанның» мүшесі. Ал, оның Алматы қалалық филиалының құрамында 17 мыңдай жастар бар. Бұл өте үлкен күш. Биылғы жылы «Жас Отанның» ұйымдастыруымен қаламызда 264қоғамдық-саяси іс-шара өткізілді. Бұдан басқа «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» тақырыбымен 230-дан аса қайырымдылық акциялар ұйымдастырылды. Мысалы,«Балаларды мектепке даярлайық» атты шара бойынша тұрмысы нашар 50 балаға көмек берілді», - дейді Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Жансая Жақсықұлова. Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің 3 курс студентінің айтуынша, «Біз таза ауа үшін күресеміз», «Жасыл ел» акциялары аясында «Алмарасан» бөктерінде, «Медеу» мұз айдынында, Есентай өзені бойында өткен шараға 2,5 мыңдай жастар тартылған. Ал қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы ғимаратында тұрғын үй басқармасы мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өкілдерінің қатысуымен пәтер кезегінде тұрған жас отбасыларының кездесуі ұйымдастырылып, құқықтық көмек көрсетілді.