Бұл жайлы Білім басқармасының бастығы Рахат Сейдахметқызы бүгін қаланың 2010 жылғы әлеметтік-экономикалық дамуының қорытындысына арналған мәжілісте айтты.
"Алматыда 191 балабақша бар. Оның 141-і - мемлекеттік, 50-ы жекеменшік мекемелер. Онда 39626 бала тәрбиеленіп жатыр. Олардың 34375-сі - мемлекеттік, ал 5251-і жекеменшік балабақшаларда. "Балапан" бағдарламасы бойынша былтыр Дархан, Думан және Ұлпан ықшамаудандарында әрқайсысы 320 орындық 3 балабақша ашылды. Биыл Көкжиекте, Қалқаман және Құлагер ықшамаудандарында жаңа балабақшалар салынып жатыр. Былтыр 3 ірі жекеменшік балабақша қайтарылып, 8 топта жаңадан 200 орын ашылды. Жалпы былтыр 1314 орындық 25 жекеменшік балабақша ашылған еді. Биыл 11 жекеменшік балабаша ашу жоспарланып отыр", дейді Рахат Шимашева. Білім басқармасы бастығының айтуынша, қазір 20 мектептің аумағында балабақша мекемелерін ашудың жобалық құжаттары дайын. Қаржы мәселесі шешілсе, олар да жүзеге асырыла бастайды. Ал 2011-2013 жылдарға арналған бағдарлама бойынша жаңадан 42 балабақша ашу жоспарланып отыр.