Гранттар беру жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың табысын өсіру мақсатында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны іске асыру аясында жүргізіледі.
«ШОБ қала экономикасында жетекші орынға ие және мұнда 10 алматылықтардың 6-ауы істейді. Осы жылдан бастап гранттарды сертификатсыз алуға болады. Өтінімдер сәуір мен қараша айы аралығында қабылданады, нақты мерзімдері мен кезеңдерін қосымша хабарлаймыз», – деп атап өтті Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Зафар Аппазов.
Өтінімді business.enbek.kz порталы арқылы беруге болады.
Грант алу үшін мыналар қажет:
- тіркелген жұмыссыз мәртебесі немесе мерзімі 1 жылдан аспайтын ЖК болуы;
- Алматы қаласында тұрақты, уақытша (1 жылдан кем емес) тіркелу;
- business.enbek.kz порталында тіркелу;
- бизнес-жоспардың болуы.
Үміткерлер бизнес-жоспарды өздері дербес жасайды және BUSINESS.ENBEK.KZ. порталына өтінім жібереді. Өтінімдерді қарау мерзімі - 10 жұмыс күні.
Гранттарды комиссияның шешімі негізінде Халықты жұмыспен қамту орталығы береді.
Комиссия мүшелері бизнес-жоспарды келесі критерийлер бойынша бағалайды:
-бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі;
- өткізу нарықтарының пысықталуы;
- бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі;
- кәсіпкерлік дағдылар деңгейі;
- жаңа жұмыс орындарын құру.