Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеке меншікті қорғау және рейдерлік фактілерге жол бермеу үшін қабылданып отырған шаралар жөнінде баяндалды.
Қазіргі уақытта 8 іс тергеліп жатыр. Атап айтқанда Алматыда бизнесті рейдерлік басып алумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Олар 18 миллиард теңгеден астам залал келтірген.