Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Бейнекадрда бірнеше полиция қызметкері блок-посттан өтуге тырысқан адамды жібермей тұрғаны түсірілген.
Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл оқиға бүгін таңертең Іле ауылына кіреберісте 71 разъезд бойында орналасқан №2 блок-постта болған.
«Мас адам полицияның заңды талабын орындамаған. Тәртіпті бұзған адамға қатысты тиісті шаралар қабылданады», - деді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.