Алматыда «Блокремстрой» ЖШС жұмысшысы терең қазылған орға құлап кетті
09:33, 21 Қазан 2012
АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Алматының Медеу ауданы аумағындғы Оспанов және Заречной көшелерінің қиылысында 20 қазанда 20 с. 42 мин. үш метр тереңдікте қазылған орға кабель жүргізіп жатқан «Блокремстрой», ЖШС-ның 20 жастағы жұмысшысы құлап кетті.
Ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Бұл жайлы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.