Алматыда BMW бірнеше қоршауды қиратты

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда BMW көлігі бірнеше қоршауды қиратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Айнабұлақ-2 шағынауданында болды.

Автотұрақтың күзетшісі таңертең тарс еткен дыбысты естіген. Оның айтуынша, автотұрақ қоршауын BMW көлігі қиратып барып тоқтаған.

Неміс көлігі 3 көлікті соққан.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жүргізуші көлігін мас күйінде айдаған. Кейін ол рульде басқа біреу болды деп жалтарған.

Абырой болғанда, БМВ жылу желілері жүргізіліп жатқан шұңқырға түсіп кетуге аз қалған.

Полиция болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар