BMW көлігі солтүстік айналма жолымен оңтүстікке бағыт алып бара жатқан.
Кенеттен жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, қоршауды қиратып тоқтады.
Соққыдан қоршаудың метал сынықтары жүргізушінің басына кіріп кеткен.
Соның салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Ер адамның денесін шығарып алу үшін Құтқару қызметіне қоршауды кесуге тура келді.
Жол апатының мән жайын полиция анықтап жатыр.