Ел біріншілігін Қазақстан бокс федерациясы мен Алматы қалалық бокс федерациясы бірлесіп өткізуде. Қазақстан чемпионаты Республикалық спорт колледжінің ғимаратында өтеді.
Сондай-ақ, жарыс қорытындысы бойынша бапкерлер 10-24 сәуір аралығында Польшаның Кельце қаласында өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына команда жасақтайды. Жастар арасындағы Қазақстан біріншілігі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, жанкүйерлердің қатысуынсыз өтеді.