деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Байқаудың негізгі мақсаты - мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, баспа ісі жөніндегі түсінік-танымын кеңейту, кітап дайындау, шығару, тарату кәсібіне баулу, баспа бизнесімен айналысуға жол ашу және жас мамандардың қызығушылығын ояту.
Байқау шарттары бойынша оған мектеп пен колледждерде оқитын барлық оқушылар қатыса алады.
Қатысушылар шығармашылық, безендіру, редакторлық-корректорлық сынақ бойынша жарысқа түсетін болады.