Онда Болат Аюханов басқаратын Мемлекеттік академиялық би театры өнер көрсетті. Театрдың 48-маусымы балет өнерінің шебері Болат Аюхановтың шығармашылық кешімен ашылды. Шара Қазақстан Республикасының халық әртісі, «Құрмет» белгісінің иегері, «Алтын адам» сыйлығының лауреаты, би өнеріне өшпес із қалдырып келе жатқан Болат Аюхановтың туылған күніне орай ұйымдастырылды.